«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новобратское отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Картинки по запросу логотип инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша онкүндіктің жабылуы

12.03.2021

           Мектепте 1-12 наурыз аралығында ЖМЦ пәндері бойынша онкүндік өтті. 12 наурызда жаратылыстану пәндері: химия, биология, география онкүндігінің жабылуы өтті.

 Негізінен пән мұғалімдері жоспарлаған іс-шаралар өткізілді, бірақ ауа-райына байланысты жоспарға аздаған өзгерістер енгізілді. Онкүндіктің мақсаты пәндерді оқуға ынталандыру құралы ретінде сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың тиімділігін көрсету болды. Мұғалімдер мен оқушылардың бірыңғай пікірі бойынша онкүндік оқушылардың шығармашылық қызметін белсендіреді, осы пәндер бойынша зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытады, балалар ұжымының бірігуіне ықпал етеді.

  Іс-шаралар білім алушылар үшін әдістемелік сауатты, қызықты, АКТ-ны пайдалана отырып, түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып өтті.

 Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

Онкүндікке белсенді қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз.

ЖМЦ ӘО жетекшісі Бандура О.В.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст