Текст
27 наурыз - Кино күні. 8 сынып оқушылары балаларға арналған әйгілі «Менің атым Қожа» фильмін желіден тамашалады. «Менің атым Қожа» фильмін режиссер Абдулла Қарсақбаев Бердібек Соқпақбаевтың аттас әңгімесі бойынша түсірген. Өте маңыздысы, фильм 1967 жылы Францияда өткен Канн кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды.
Бұл фильмде басты кейіпкер барлық балалар бейнесінде мүсінделгендей, жасөспірім кезімізде бізді мазалайтын мәселелер мен күмәндар көрсетілген.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ехиена Б.Е. және Сураганова А.Б.