Текст
🔹 Күннің мақсаты: достық қарым-қатынас пен түсіністік атмосферасын қалыптастыру, командалық рухты нығайту, лагерьдегі мінез-құлық ережелері мен қауіпсіздік техникасын еске салу.
📌 Мерекелік сап түзеу өткізілді, тәрбиешілермен және мектеп жанындағы алаң ережелерімен таныстыру жүргізілді. Ашық ауада көңілді таңғы жаттығу. Таңғы ас. Отряд бұрыштарын безендіру: атауы, ұраны, символикасы. «Достық плакаты» атты шеберлік сабағы – балалар сурет салып, достық туралы ой бөлісіп, командалық бірліктің маңызын түсінді. Түскі ас. Ауада серуендік ойындар. Қорытындылау, үйлеріне тарау.
☀️ Күн жарқын және мазмұнды өтті!
Балалар бір-бірімен танысып, отрядтарға бірігіп, жақсы көңіл-күймен бүкіл ауысымға қуат алды!