Текст
11-сыныпта инклюзивті білім беру онкүндігі аясында «Бүкіл елдің балалары дос» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгімелесу мақсаты: Оқушылардың бойында мүмкіндігі шектеулі жандарға дұрыс және парасатты көзқарасты қалыптастыру. «Инклюзия», «Қолжетімді орта», «Оңалтудың техникалық құралдары» ұғымдарымен таныстырды. Сыныптың балалары мүмкіндігі шектеулі жандармен дұрыс қарым-қатынас мәдениеті туралы, дененің физикалық бұзылыстарына қарамастан барлық адамдар тең екендігі туралы айтты.
Сынып жетекшісі: Казакова Л.И.