Текст
11-сыныпта «Ересекке қадам басу» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты:жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын,адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.Адамгершілік мәдениеті – адамның іс-әрекетінде өмірдің адамгершілік заңдылықтары талаптарының қаншалықты бейнеленгендігін көрсететін көрсеткіш.17 жас – адамның жеке басын белгілейтін жас. дербес өмірге шығу, тұлғаның қалыптасуын, өмірден өз орнын іздеуін айқындайды.Бұл жастың әр нәрседен өзін іздейтін, өзіндік санасында елеулі өзгерістер орын алатын, оның маңыздылығын айқындайтын жас. өзіндік құндылықтары артады.
Сынып жетекшісі: Казакова Л.И.