Текст
Бүгін 6 маусым 2022 жыл «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» интеллектуалды ойыны өтті. Күніміз сауықтыру жаттығуларымен басталды. Таңғы ас, одан кейін сап түзеу. 6 маусымға арналған іс-шаралар жоспары туралы жарияланды. Қатысушылар топтарға бөлінді, олар команда капитандарын сайлады. Ойын 3 турдан тұрды: 1. «Миға шабуыл» ойыны
2. «Есте сақтау» ойыны
3. «Жауап» ойыны
Іс-шараға қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, түрлі тапсырмалар орындады, «Асық ату», «Бес асық» ұлттық ойынын ойнады. Кешкі ас. Қорытындылау. Үйге дайындық.