Онкүндік аясында мектепалды сынып оқушылары арасында математикадан мектепішілік олимпиада өтті.
Мақсаты: қызықты тапсырмалар арқылы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Балалар Математикадан түрлі тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің білімдерін, дағдыларын, тапқырлығын көрсетті. Олимпиадаға қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен білімін көрсету үшін көптеген қиын, бірақ қызықты сынақтардан өтуі керек еді. Балалар қиын сынақтар арасында музыкалық жылынуды үлкен қуанышпен ойнады. Мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Спирина Софья
2 орын – Наталухин Артем, Фомичев Владимир
3 орын – Панкова Ирина
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға грамоталар табысталды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!
Мектепалды сынып тәрбиешісі: Чепель Т.А.