Текст
Мақсаты: оқушылардың мамандық әлемі туралы білімдерін кеңейту және білімге, еңбек әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Лагердің төртінші күні сапқа тұрып, жаттығулармен басталды. Күннің тақырыбына сай балалар өздерінің актерлік, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Балалар топпен де, жекелей де түрлі ойындарға белсене қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындады, ән айтты, би биледі.