Сабақтың мақсаты:
- балалардың Наурыз мейрамы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктерін кеңейту, оның ұлттық мереке екенін көрсету;
- әңгіме сөйлеуін, зейінін, есте сақтау қабілетін, көргені туралы айта алу қабілетін дамыту;
- қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық сыныбында «Наурыз – көктем мерекесі» атты тақырыптық сабақ өтті. Бұл жер бетіндегі барша адамдардың бірлігі мерекесі, келісімнің, нұрдың, жақсылықтың мерекесі! Балалар тақпақ оқиды, бір-біріне жұмбақтар сұрады,
қазақтың мақал-мәтелдерін жатқа айтты. Балалар қазақтың «Теңге алу», «Арқан тарту» халық ойындарын тамашалап, қазақтың көне ырымы «Шашу» дәстүрін тамашалады. Сабақ соңында балаларға тәттілер ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбиеші Чепель Т.А.