Міндеттері: білімділік – балалардың ғарыш туралы түсініктерін қалыптастыру, Космонавтика күні мерекесінің тарихымен таныстыру, Күн жүйесіндегі планеталар туралы алғашқы мағлұмат беру.Ғарыш, планета, ғарышкер сөздерімен балалардың сөздік қорын белсендіру.Дамытушылық: танымдық белсенділігін, білуге құштарлығын, сонымен қатар зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту.Тәрбиелік: Жер планетасына деген сүйіспеншілік, айналамызды танып білуге құштарлық.
Құрал-жабдықтар: Күн жүйесін бейнелейтін суреттер, ғарышкерлер мен ғарыш кемелерінің суреттері
[09:41, 12.04.2024] Лариса Александровна: Әңгімелесу барысында балалар ғарыш туралы суреттерді қарап, жұлдыздардың планета екенін білді.Адамдар ғарышқа бірден ұшпаған.Бұл 1961 жылы 12 сәуірде жүзеге асты.Ю.А.Гагарин тұңғыш ғарышкер болды.Кейін Қазақстан Республикасының өз ғарышкерлері болды.
Балалар әңгімеге белсене қатысып, ғарыш тақырыбына жұмбақтар шешті.
Сонымен қатар «Сөздер отбасы» дидактикалық ойыны ойналды.